Еуро-2024: Словакия мен Румыния тең нәтиже тіркеді
Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Словакия мен Румыния құрамалары Е тобының үшінші турындағы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Франкфурттегі Deutsche Bank Park стадионында өтті.
24-минутта словакиялық жартылай қорғаушы Ондрей Дуда есеп ашты. Арада 13 минут өткенде Румыния құрамасының жартылай қорғаушысы Разван Марин 11 метрлік жерден дәл соққымен таразы басын теңестірді.
Нәтижесінде ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Румыния бірінші орынмен, Словакия үшінші орынмен 1/8 финалға шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или