Станислав Черчесов ұлттық құрама футболшыларынан не күтетінін айтты
Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан құрамасындағы шектеулер туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
— Қандай шектеулер болады? Мүмкін сіз белгілі бір тағамдарды тұтынуға тыйым салатын шығарсыз?
— Ресейде шектеулер болды. Қазір мен Қазақстандамын, мұнда өзіңді мәдениетті ұстау керек (күлді). Спортшылар көп нәрсе ұсақ-түйекке байланысты екенін біледі. Мен Венгрияда оларға физикалық және психологиялық дайындықтары жақсырақ болады деп күтетінімді айттым.
Естеріңізге сала кетейік, Магомед Адиев Қазақстан құрамасынан кеткеннен кейін ҚФФ тағы бір ресейлік маман Станислав Черчесовті тағайындағанын хабарлаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или