Колумбиялық легионер ҚПЛ клубымен қоштасты
Қарағандылық «Шахтер» колумбиялық шабуылшы Хуан Асприльямен қоштасуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
24 жастағы шабуылшы 9 матчта бірде-бір гол соқпады, бір нәтижелі пас берген.
Асприлья қарағандылық клубқа осы жылдың ақпан айында қосылды. Бұған дейін колумбиялық тек өз отанында ойнаған: Букараманга, Америка, Реал Сан-Андрес, Лланерос және Бояко Чико клубтарында доп тепкен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или