Аргентина құрамасы Америка кубогында топтан шықты

Аргентина құрамасы Америка кубогында топтан шықты

Қазақстан уақыты бойынша 26 маусым күні таңертең Шығыс Рутерфордтағы (АҚШ, Нью-Джерси штаты) MetLife стадионының алаңында 2024 жылғы Америка кубогының 2-ші кезеңінің Чили мен Аргентина құрамалары арасындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1:0 есебімен жеңіс Аргентина құрамасының еншісінде қалды.

Ойынның 88-минутындағы жалғыз голды аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес соқты.

Ұлттық құраманың 37 жастағы шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында толық ойын өткізді.

Екі турдан кейін Аргентиналықтар А тобында алты ұпаймен көш бастап тұр, ал Канада үш ұпаймен екінші орында. Перу мен Чили құрамаларында бір ұпайдан бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или