ЕУРО-2024: Украина - Бельгия матчының тікелей трансляциясы

ЕУРО-2024: Украина - Бельгия матчының тікелей трансляциясы

26 маусымда Штутгарт қаласында (Германия) 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің үшінші тур ойындары өтіп, онда Украина мен Бельгия құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Украина-Бельгия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:50-де басталып, Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Соңғы турдың алдында «Е» тобында ерекше жағдай орын алды: барлық командалар – Румыния, Бельгия, Словакия және Украина – үш ұпайға ие болды. Үшінші тур қорытындысы бойынша да командалардың ұпайлары тең болса, командалар арасында жеңіске жеткен команда кестеде жоғары орналасады. 

Еуро-2024 турнирінде украиналық футболшылар Румыния құрамасынан 0:3 есебімен жеңіліп, одан кейін Словакия құрамасын 2:1 есебімен жеңген болатын. Бельгиялықтарға келсек, бірінші айналымда сенсациялық түрде Словакиядан ұтылды - 0:1, одан кейін Румынияны жеңді - 2:0.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или