«Алтын доп» иегеріне Еуро-2024 матчы кезінде шабуыл жасалып, үйі тоналған

«Алтын доп» иегеріне Еуро-2024 матчы кезінде шабуыл жасалып, үйі тоналған

Бір топ қарулы адам Виченца провинциясында Италия құрамасының бұрынғы футболшысы Роберто Баджоның үйін тонап кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Corriere della Sera басылымы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, бұл бейсенбі күні кешке Еуро-2024 аясындағы Италия мен Испания құрамалары арасындағы матч кезінде болған. Қарақшылар үйге баса-көктеп кірген кезде, Баджо қарсылық көрсетпек болғанымен, басынан тапаншамен тұрған. 

Содан кейін экс-футболшы отбасымен бірге бөлмелердің біріне қамалып, үйден қолма-қол ақша, зергерлік бұйымдар мен сағаттар алынды. 40 минуттан кейін Баджо полиция шақырған. 

Баджо 1993 жылы «Алтын доп» жеңіп алды. Италия құрамасында Баджо 56 матч өткізіп, 27 гол соғып, 1990 жылғы әлем чемпионатында қола және 1994 жылғы әлем чемпионатында күміске қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или