Лионель Месси Америка кубогының рекордсмені атанды

Лионель Месси Америка кубогының рекордсмені атанды

Бүгін Америка кубогының 1-ші турының матчы өтіп, онда Аргентина құрамасы Канада құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:0 есебімен Лионель Скалони шәкірттерінің пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапында Хулиан Альварес пен Лаутаро Мартинес бір голдан соқты. Лионель Месси нәтижелі пас берді.

Месси үшін бұл матч Америка кубогындағы 35-ші кездесуі болды. Турнирде өткізілген матчтар саны бойынша рекордсмен атанды.

Аргентина құрамасы Америка кубогының 15 дүркін жеңімпазы. Турнирде Уругвай құрамасымен жеңістері бірдей. Олар бұл көрсеткіш бойынша бірінші орынды бөлісіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или