Германия Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалына шықты
Сәрсенбі, 19 маусым күні Штутгарттағы MHP-Arena стадионында Германия мен Венгрия құрамалары арасында футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының екінші турының матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
А тобындағы кездесу 2:0 есебімен турнир иелерінің жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар үшін соғылған голдардың авторлары жартылай қорғаушылар Жамал Мусиала (22-минут) пен Илкай Гюндоган (67-минут) болды.
Германия жеңіске қол жеткізді, бұл турнирдің плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндік берді.
Келесі ойында Германия құрамасы Швейцариямен, Венгрия құрамасы Шотландиямен ойнайды. Екі кездесу де 23 маусымда өтеді.
Германия – Венгрия 2:0
Гол соққандар: Мусиала 22, Гюндоган 67
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или