Сенсация! Албания Еуропа чемпионатында Хорватияны аяқтан шалды

Сенсация! Албания Еуропа чемпионатында Хорватияны аяқтан шалды

Осы күндері Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Хорватия мен Албания құрамалары В тобындағы екінші тур ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Гамбургтегі Volkparkstadion стадионында өтті.

Ойынның 11-минутында албаниялық жартылай қорғаушы Казим Лачи есеп ашты. Хорваттар 74-минутта Андрей Крамарич гол соғып, есеп теңестірді. Екі минуттан соң хорваттар Клаус Гясулдың автоголының арқасында екінші голды соқты. Алайда 95-минутта Гясуля арқасында гол соққан албандар тең нәтижені тіркеді. Нәтижесінде кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бірінші ойында хорваттар Испаниядан 0:3 есебімен жеңілсе, албандар Италиядан жеңіліп қалды – 1:2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или