«Астананың» Конференция лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды

«Астананың» Конференция лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды

Ньон қаласында (Швейцария) 2024/25 жылғы маусымдағы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтіп, нәтижесінде «Астананың» алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» екінші айналымда «Торпедо» (Беларусь) - «Милсами» (Молдова) жұбының жеңімпазымен ойнайды. Бірінші ойын 25 шілдеде, қарымта кездесу 1 тамызда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымның соңында «Астана» Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Конференция лигасына жолдама алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или