ҚПЛ клубы Албания жастар құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырады

ҚПЛ клубы Албания жастар құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырады
Талдықорғандық «Жетісудың» қатарын жақын арада серб-албаниялық жартылай қорғаушы Шкиприм Тайпи толықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Наурыз айының соңында футболшы Косово чемпионатында 6-орын алған Гилани клубымен келісімшартқа отырды. 30 маусымда ойыншы еркін агент атанып, Қайрат Нұрдәулетовтың командасына қосылады.
Тайпи бұған дейін Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен. 2023 жылғы маусымның екінші жартысында футболшы «Каспий» сапында ойнап, 12 матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Қазіргі уақытта «Жетісу» ҚПЛ кестесінде 10 ойыннан 15 ұпай жинап, 7-ші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или