Шотландия құрамасының жанкүйері Еуро-2024-ке 41 күн жаяу жүріп барды
Футболдан Шотландия құрамасының жанкүйері Крейг Фергюсон Еуро-2024 турнирінің алғашқы матчы өтетін Германияның Мюнхен қаласына Глазгодан (Шотландия) жаяу барды.
Фергюсон 1600 шақырымды 41 күнде жүріп өткен. Оның Еуропа чемпионатына жаяу барудағы мақсаты - ерлердің менталды денсаулығын сақтаумен айналысатын қайырымдылық ұйымдарына ақша жинау.
"Шотландия құрамасының жанкүйері Крейг Фергюсон бейсенбіде Мюнхеннің орталығындағы Мариенплатц алаңына келгенде оны адамдар қаһарманды күткендей қарсы алды", - деп жазды басылым.
Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Германияда өтеді. Турнир бүгін, 14 маусымда басталады. Алғашқы матч Германия мен Шотландия құрамалары арасында болады. Бұл ойынды бүгін сағат 23:50-де Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.