«Туран» «Қайраттың» бұрынғы бапкері Курбан Бердыевпен келісімшартқа отырды

«Туран» «Қайраттың» бұрынғы бапкері Курбан Бердыевпен келісімшартқа отырды

Товуздық «Тұранның» спорт директоры Самед Насибов клубты жақын арада Курбан Бердыев басқаратынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz.-ке сілтеме жасап.

«Біз Курбан Бекиұлымен оның клубтағы жұмысы туралы келістік, тек құжаттарға қол қою ғана қалды. Жақын арада ол «Тұранның» бас бапкері болады», - деді Насибов Sport24 арнасына берген сұхбатында.

Бердыевтің кейінгі жұмыс орны Махачкаланың «Динамосы» болды, оны 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың қаңтарына дейін басқарды. «Тұран» кейінгі Әзербайжан чемпионатында 6-орынға ие болды.

Айта кетейік, Курбан Бердыев «Қайратты» 2021-2022 жылдар аралығында басқарған. Бердыевтің басшылығымен команда Қазақстан кубогын жеңіп алды, сонымен қатар 2021 жылы үшінші орынға ие болды. 2022 жылдың 6 маусымында жаттықтырушы мен клуб тараптардың өзара келісімімен келісімшартты бұзды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или