«Астана» азулы «Атлетикоға» төтеп берді

«Астана» азулы «Атлетикоға» төтеп берді

Чемпиондар лигасының 4-турында ел чемпионы «Астана» өз алаңында мадридтік «Атлетиконы» қабылдап, азулы қарсыластарына күш көрсете алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матч күтпеген жерден «Астананың» допқа иелік етуімен басталды. Алғашқы минуттардан алаң иелері қарсылас қақпасынан саңлау табуға тырысса, «Атлетико» қорғануға мәжбүр болды. Дегенмен алғашқы 15-минутта жанкүйерлер анау айтарлық қауіпті соққылар көре алған жоқ.

Таймның ортасына таман мадридтіктер допқа иелік етіп, өз ойындарын көрсете бастады. Ал Қазақстан чемпиондары қорғаныста сенімді ойнап, қарымта шабуылдан бақ іздеді. 22-минутта кезекті бұрыштамадоп кезінде Фокси Кетевоаманың оң қанаттан әуелеткен добын Рохер Каньяс қақпаға бағыттады – биік.

Араға он минут салып Фернандо Торрес ойынның есебін ашуға жақын қалды. Сол қанаттан айып алаңына асырылған пасқа Постников пен Ненад Эричтің түсінбеушілігі салдарынан Торрес бірінші жетті, бірақ мадридтік жұлдыз елордалық команданы бұл қателігін кешірді.

Командалар үзіліске кетер тұста мадридтіктер сол қанатта айып соққысына ие болды. Нүктеге келген Коке алаң иелерінің қақпасын нысанаға алған. Елордалықтарды қақпаның маңдайшасы құтқарып қалды.

Екінші таймды да Станимир Стойлов шәкірттері белсенді бастады.  Командалар ұзақ уақыт бойы ауыз толтырып айтарлықтай шабуыл ұйымдастыра алмады. Сондықтан Диего Симеоне Торрестің орнына Джексон Мартинесті шығарды. Мартинестің міндеті «Атлетико» шабуылына жаңа дем беру керек болатын.

Матч алма кезек шабуылдармен жалғаса берді. Бірақ қос команданың да ұмтылыстары Эрич пен Ян Облакқа қиындық тудырған жоқ.

74-минутта Антуан Гризманн айып алаңында тамаша пас алып, Эрич иелігінің алыс бұрышын көздеген. Абырой болғанда, французға дәлдік жетіспеді. Бір минуттан соң ойынға тыңнан қосылған Караско сол қанаттан айып алаңына пас әуелеткен. Доп футболшыларға жетпей, қақпа маңына қарай ұшып, маңдайшаға тиді.

Матчтың соңғы минуттары «Атлетиконың» басымдығымен өтті. Испанияның былтырғы чемпиондары қанша тырысқанымен, «Астана» қорғанысының құлпын аша алмады. Қорытынды есеп – 0:0. «Астана» әлі де болса, Чемпиондар лигасында «Астана Аренада» ұтылар емес. Команда төртінші турдан соң екі ұпай алды. Ал «Атлетиконың» еншісінде жеті ұпай бар.

«Астана» - «Атлетико» (Мадрид, Испания) 0:0

«Астана»: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Кетевоама, Мұжықов (Жуков 78), Каньяс, Жолшиев (Бейсебеков 90), Кабананга (Щеткин 80)

«Атлетико»: Облак, Годин, Сикейра, Хуанфран, Хименес, Тьягу, Коке (О. Торрес 82), Гризманн, Габи, Сауль Ньигес (Караско 73), Ф. Торрес (Мартинес 64)

Ескертулер: Постников 44, Жолшиев 60, Жуков 84

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или