Ла Лиганың украиналық сұрмергені топ-клубқа ауысты

Ла Лиганың украиналық сұрмергені топ-клубқа ауысты

«Жирона» мен Украина құрамасының шабуылшысы Артем Довбик мансабын басқа испандық клубта жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Todofichajes порталы хабарланғандай, «Атлетико Мадрид» Ла Лиганың үздік сұрмергенін сатып алуға мүдделі.

«Матрасниктер» украиналық бомбардирдің трансфері үшін 33 миллион еуро төлеуге дайын. Тараптар келісімге келсе, трансфер келесі айдың бірінші аптасында жарияланады.

Испания чемпионатының өткен маусымында 26 жастағы орталық шабуылшы «Жирона» сапында 36 матч өткізген. Довбик 24 гол (жеті пенальти) соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или