Қайрат Нұрдәулетов шетелден түскен ұсыныстар туралы
«Жетісу» командасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов футболшы кезінде шетелден түскен ұсыныстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan cайтына сілтеме жасап.
«Ертісте» ойнап жүргенде Украинаның жоғарғы лигасына көшуге ұсыныс болған. Ол кезде мен жас болдым – 21-22 шамасында. Одан кейін 2011 жылы Түркия Бірінші лигасының клубынан ұсыныс түсті. Олар Қазақстанға ұшып келіп, келісімшарт жасасуға дайын болды. Бұл ұсыныс ұнады, қызықтым, бірақ жанұям қарсы болған соң көшпедім. Ол кезде келіншегімнің аяғы ауыр болды, сол себепті Қазақстанда қалуды шештім», - деді Нұрдәулетов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или