«Шахтер» сербиялық шабуылшымен келісімшартқа отырады

«Шахтер» сербиялық шабуылшымен келісімшартқа отырады

26 жастағы сербиялық шабуылшы Милан Джокич мансабын Қарағандының «Шахтер» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Ойыншы Македония чемпионатының «Брегалница» командасында ойнайды. Өткен маусымда шабуылшы 11 гол соқса, биылғы маусымда 3 гол соққан.

Сербиялық жақын арада 9 турдан кейін КПЛ турнирлік кестесінде 12-орында тұрған «Шахтер» командасына қосылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или