«Сбербанк» кубогы» мәресіне жетті

«Сбербанк» кубогы» мәресіне жетті

Қызылорда қаласында «Қайсар» футбол клубының ұйымдастыруымен 2006 жылғы балалар арасында «Сбербанк» кубогы» турнирі өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жарысқа Сыр өңірінің 38 орта мектебі қатысып, үздік ойыншылар «Қайсар» футбол орталығына қабылданды. Турнир қарсаңында «Қайсар» футбол клубы, Қызылорда облыстық футбол федерациясы және «Сбербанк» компаниясы үш жақты Ынтымақтастық меморандумына қол қойып, облыста балалар футболын дамыту жайлы келісім жасасты.

Үш жақты келісімнен кейін аталмыш Меморандум аясында алғашқы турнир ұйымдастырылып, бір аптаға созылған жарыстың финалдық кезеңі «Локомотив» стадионында өтті. Финалдық турнирге сегіз команда қатысқан. Оның жетеуі аймақтық кезеңнің жеңімпаздары, ал сегізінші команда – іріктеуден өте алмаған командалардың үздік ойыншыларынан құралған құрама команда. Тартысты өткен ойындардың нәтижесінде финалға №173 орта мектеп пен №176 орта мектептің балғын балалары жолдама алып, ақтық айқаста жеңіс алғашқыларына бұйырды. Есеп – 2:0. Үшінші орын үшін 235 орта мектеп пен 189 орта мектептің ұландары таласып, қола жүлдені 235 мектептің оқушылары жеңіп алды.

Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Евгений Булгаковтың айтуынша, турнирде өздерін жақсы қырынан көрсеткен 40 бала «Қайсар» футбол орталығына қабылданып, аяқдоппен кәсіпқой деңгейде айналысуға мүмкіндік алады.

Сонымен, марапаттау рәсімін «Қайсар» футбол клубының директоры Нұржан Жалғасбаев, «Сбербанк» еншілес банкі Қызылорда қалалық филиалы директорының орынбасары Азат Әбдекеев және «Қайсар» футбол орталығының жетекшісі Ерлан Махамбедиев жүргізіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Сбербанк» банкінің арнайы сыйлықтарымен марапаттады. Ал аталмыш турнир енді жылына екі реттен ұйымдастырылып, дәстүрлі түрде өтіп тұратын болады.

- Турнир жоғары деңгейде өтті. Ең бастысы – балалар мәз. Үздіктері «Қайсар» футбол орталығының іріктеу топтарына қабылданып, жаңа жылдан бастап футболмен кәсіпқой деңгейде ай налысуға мүмкіндік алады, - деді «Қайсар» футбол орталығының жетекшісі Ерлан Махамбедиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или