Анна Данилина Италиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Анна Данилина Италиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Анна Данилина Бари (Италия) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина — ресейлік Ирина Хромачева финалда Италия өкілі Анджелика Морателли — мексикалық Рената Сарасуамен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп екі партияда айқын басымдылық көрсетті — 6:1, 6:3. Олар 1 сағат 5 минутқа созылған матчта 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или