Қазақстан құрамасы Армениядан жеңіліп қалды
Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Армениядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Ереванда Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтті. Ойын Арменияның жеңісімен аяқталды - 2:1.
Матч жылдам голмен басталды. 4-минутта Александр Марочкин допты өз қақпасына тоғытып алды. 58-минутта Ваган Бичахчян есепті еселеді.
Ойынның соңына қарай қазақстандықтар пенальти тебуге мүмкіндік алды. Нүктеге Бауыржан Исламхан келді де, есеп айырмасын қысқартты.
Қазақстанның бұл матчта одан көбірек гол соғатын мүмкіндіктері болды. Марочкин бір мәрте допты бағанаға, Максим Самородов маңдайшаға тигізді. Екінші таймда Максим қақпашымен бірге-бір шығып, ұрымтал сәттен мүлт кетті.
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Магомед Адиев кеткелі алғашқы матчы болды. Жолдастық кездесуге құраманы Руслан Балтиев дайындады. Ал таяуда ұлттық команда тізгінін ұстаған Станислав Черчесов өз жұмысын күзде ресми матчтарда бастайды.
Енді Қазақстан футболшылары келесі матчын 11 маусымда Әзербайжанға қарсы өткізеді.
Жолдастық кездесу
Армения - Қазақстан 2:0 (1:0)
Голдар: Марочкин автогол 4, Бичахчян 58