Қазақстан құрамасының Еуро-2024 жартылай финалындағы қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасының Еуро-2024 жартылай финалындағы қарсыласы анықталды

Қазақстан шағын футболдан әуесқойлар құрамасы осы күндері Босния және Герцеговинада өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалындағы қарсыласын таныды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрлық біріншілігінің ширек финалында 6 маусым күні Қазақстан чемпионы Әзірбайжанды пенальтиде 7:6 есебімен ұтты.

Тағы бір ширек финалда Румыния мен Босния және Герцеговина құрамалары ойнады. Румыния құрамасы 4:1 есебімен ірі жеңіске жетті.

Осылайша, бүгін, 7 маусымда Қазақстан құрамасы финалға шығу үшін Румыниямен ойнайды. Кездесу 23:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или