Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі орны белгілі болды
Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) рейтингіндегі орнын жақсартады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Football-ranking.com порталының мәліметінше, Қазақстан рейтинг кестесінде бір саты жоғарылап, Косовоны (103-орын) басып озып, Тәжікстаннан (101-орын) кейін 102-орынға орналасады.
Естеріңізге сала кетейік, осы аптада ұлттық құраманың жаңа бас бапкері ресми түрде таныстырылды. Ресей құрамасының бұрынғы бапкері Станислав Черчесов құрама тізгінін ұстады. Сұхбатында ол келісім-шартының 2026 жылғы әлем чемпионатының соңына дейін болатынын айтты.
Бүгін Ереванда Армения мен Қазақстан арасындағы жолдастық кездесу өтеді. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады. Тікелей хабар Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или