Қазақстан шағын футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстан шағын футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстан құрамасы осы күндері Босния және Герцеговинада өтіп жатқан әуесқойлар арасындағы Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық ойыншылар ширек финалға шығу үшін өткен кездесуде Словения құрамасымен ойнады.

Матчта бір ғана гол соғылды, оның авторы - Диас Егінжанов.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы В тобында Украина, Грекия және Англияны басып озып, бірінші орын алған болатын.

Айта кетейік, турнирдің ширек финалында Қазақстан құрамасы Әзірбайжан-Босния және Герцеговина жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или