Таққа талас. Федерация маңайындағы дау бітпей тұр

Бүгінде қазақ футболы тағы бір дау-дамайды бастан кешіруде. Еліміздің футбол қауымдастығы екіге бөлінді: бірі ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановты қолдаса, бәзбіреулер президенттікке өзін ұсынған Айсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын жақтап жатыр.

Даудың басы – «Қазақстанның футбол трибунасы». «Әркімге сөз береміз» деген ұранмен өткен дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Ерлан Қожағапановты орнынан кетіру. Себептері біреу – Қожағапановтың футбол федерациясы мен «Астана» ПКСК-ні бірдей басқаруы. Михаил Гурман секілді отандық футболдың «атқамінерлері» осындай жиын өткізіп, Қожағапановтың орнына 25 жастағы Айсұлтан Назарбаевты Федерацияның басшысы қылмақ.

Үлкен дау-дамай жиыннан кейін «Ақтөбе» футбол клубының пресс-атташесі, аталмыш дөңгелек үстелдің модераторы болған Асхат Қалжановтың бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатынан басталды. Оның айтуынша, ҚФФ-дағы барлық жақсы оқиғалар – федерацияның бұрынғы президенті Әділбек Жақсыбековтың жемісі.

«Менің ойымша, Қожағапановта қазақстандық футболды дамытуға мүмкіндік болды. Өзінің ниетін, қазақстандық футболды қайда бағыттайтынын көрсетуі керек еді. Бірақ осы елдің азаматы, футбол функционері ретінде мен мұны көрмедім. Оның тізгінді ұстағанына бір жылдай болып қалды. Ел басымыз бес жыл сайын сайланады, оның өзі 100 күннен кейін өзінің жасаған жұмыстары туралы есеп береді. Қожағапанов 100 күннен кейін есеп берді ме? Футболды дамытуда нақты әрі анық бағдарламасын көрсеткені есіңізде ме? Жалпы, не істемек? Менің есімде жоқ», - деді Қалжанов мырза.

Артынша БАҚ өкілдері Ерлан Қожағапановтың өз орнынан кеткені туралы ақпаратты таратты. Тіпті, орнынан босатылу туралы арыз жазылған қағаз да бар екен. Бірақ, кейін белгілі болғандай, бұл ақпарат жалған болып шықты. Мұндай қауесетті кімнің таратқаны белгісіз, әйтеуір жабулы қазан жабулы күйінде кетті.

Бір қызығы, Айсұлтан Рахатұлы өзін кандидаттыққа ұсынбай тұрып, ешкім Қожағапановтың жасап жатқан жұмысына сын тақпаған. «Темірді қызған шағында соқ» дегенді ұстанса керек, Назарбаев өз ойын білдіргеннен кейін, Ерлан мырзаның жұмысына көңілі толмайтындар көбейіп кетті. Олардың ішінде Михаил Гурман да бар. Гурман Назарбаевтың бәрібір ҚФФ президенті болатынына сенімді екенін мәлім етті.

Басшылықта болғанына бір жыл ғана болған Ерлан Қожағапановтан әзірше Федерацияда жеткен жетістіктерін, еңбегінің жемісін сұрау ерте шығар. Оның үстіне, ол алдағы алты жылға жасалған футболды дамыту бағдарламасын ұсынды.

Айтпақшы, жоғарыда біз айтқан Асхат Қалжанов Ерлан Тоқтарханұлының Федерация президенті қызметінеешқандай сайлаусыз орналасқанын алға тартады. Оның айтуынша, елімізде футболды басқара алатын білімді де ақылды адамдар жеткілікті. Сондықтан, Федерация президентін дауыс беру арқылы сайлау керек екен. Ал енді «Қазақстанның футбол трибунасын» ұйымдастырған аяқдоп жанашырлары Қожағапановтың орнына, бірден Назарбаевты қоймақ ниетте. Сайлаусыз...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или