«Астана» – «Атлетико» матчы кезінде елордада жолдар жабылады
<p style="text-align: justify;">
<strong>3 қараша күні «Астана» футбол клубы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өз алаңында испаниялық «Атлетиконы» қабылдайды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Сол күні сағат 21:00-ден бастап матч аяқталғанға дейін қоғамдық көлік пен такси қызметінен басқа көліктер үшін Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран көшесінде (Керек-Жәнібек хандар және Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысы аралығы) жол қозғалысы шектеледі. Ұсынылатын айналма жол – Орынбор көшесі.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, матч сағат 21:00-де басталады.Көрермендер үшін шаттл-автобустар ұйымдастырылып, матчтың соңында тұрғындарды бастапқы орынға жеткізеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или