УЕФА Конференция лигасының жеңімпазы белгілі болды

УЕФА Конференция лигасының жеңімпазы белгілі болды

Грекиялық «Олимпиакос» Афиныда өткен УЕФА Конференция лигасының финалында италиялық «Фиорентинаны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің негізгі уақыты голсыз тең аяқталды – 0:0. Екінші қосымша кезеңде, 116-минутта «Олимпиакос» жеңісті жұлып алды - шабуылшы Айюб Эль-Кааби гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, Конференция лигасының жартылай финалында «Олимпиакос» Бирмингемнің «Астон Вилласынан» басым түссе, «Фиорентина» бельгиялық «Брюггеден» айла асырды.

Еске сала кетейік, үшінші маңызды еурокубок турнирінің қазіргі жеңімпазы «Вест Хэм». Бір қызығы, былтырғы финалда ағылшындар «Фиорентинадан» 2:1 есебімен басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или