«Бавария» жаңа бас бапкерінің есімін жариялады

«Бавария» жаңа бас бапкерінің есімін жариялады

Мюнхендік «Бавария» клубтың жаңа бас бапкері болып Винсент Компани тағайындалғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

38 жастағы бельгиялық мюнхендік командамен 2027 жылдың маусымына дейін келісімшартқа отырды.

Компани бұған дейін бельгиялық «Андерлехт» пен ағылшындық Бернлиде бас бапкер болып жұмыс істеген.

Бельгиялық маман 2022 жылы Бернлидің тізгінін ұстады. Оның жетекшілігімен команда Премьер-Лигадан төмендеп, 19-орынға табан тіреді.

Айта кетейік, Бундеслиганың соңғы маусымында «Бавария» «Байер» мен «Штутгарт» клубтарынан кейін үшінші орын алған болатын. Команданы Томас Тухель жаттықтырды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или