«Барселона» Хавиді қызметінен босатты

«Барселона» Хавиді қызметінен босатты

«Барселона» клубтың бас бапкері Хавиді қызметінен босатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі кездесуде каталониялық клубтың президенті Жоан Лапорта Хавиге 2024/25 маусымында команданы жаттықтырмайтынын айтқан.

Еске салайық, Хави бұған дейін осы маусым аяқталғаннан кейін «Барселонадан» кетуді жоспарлаған болатын. Алайда сәуір айының соңында Лапорта Хави келесі маусымда «Барселонаны» жаттықтыруды жалғастыратынын хабарлаған еді. Енді клуб оның қызметінен кеткенін мәлімдеді.

Осы маусымда «Барселона» Ла Лигада чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда «Реалдан» 12 ұпайға қалып, екінші орында тұр. Испания кубогында Хавидің командасы «Атлетикодан» жеңіліп, турнирдің 1/4 финалында өнерін аяқтаған болатын. Чемпиондар лигасының ширек финалында каталониялықтар ПСЖ-дан жеңіліп қалды. Испания Суперкубогының финалында «Барселона» «Реалдан» жеңіліп қалды (1:4).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или