Диего Коста: «Мен періште емеспін!»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Лондондық «Челсидің» шабуылшысы Диего Коста өзінің мінезі мен командасының соңғы ойындардағы сәтсіз көрсеткіші жайлы айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ». </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Суарестің «Ливерпульдан» кетуіне себеп осы жергілікті тілшілер болды деп ойлаймын. Олар үнемі оны жаман қырынан көрсететін. Енді оның орнын мен бастым. Футбол - ерлердің спорты. Егерде біреу менің аяғымнан тепсе, менде оған жауап беремін. Мен періште емеспін. Менің мінезім сондай. Алаңға шыққан соң бар ойым тек футболда, жеңіске жету үшін бар күшімді саламын. </p>
<p style="text-align: justify;">
«Челсидің» қазіргі сәтсіз ойынына кінәлі біз - ойыншылар. Жаңа маусымға босаңсып дайындалдық, өзбасым артық демалыстан кейін базаға артық салмақпен келдім. Қазір ақырындап бабыма келудемін. Моуриньо - өте керемет бапкер. Онымен бірде-бір рет ұрысқан емеспін. Алда әлі талай ойындар күтіп тұр, ойынымыз түзелетініне сенімдімін», - деді Коста ВВС арнасына берген сұхбатында. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или