«Аталанта» Еуропа лигасын жеңіп алды

«Аталанта» Еуропа лигасын жеңіп алды

Еуропа лигасының финалында италиялық «Аталанта» мен германиялық «Байер» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ирландияның Дублин қаласында өткен кездесуде италиялық ұжым 3:0 есебімен жеңіске жетті. Матч қаһарманы «Аталантаның» нигериялық шабуылшысы Адемола Лоукман болды, ол 13, 26 және 76 минуттарда гол соғып, хет-трик жасады.

Осылайша, «Аталанта» өз тарихында алғаш рет Еуропа лигасын жеңіп алды.

Айта кетейік, Хаби Алонсо шәкірттері жеңіліссіз сериясы 51 матчпен тоқтады. Клуб маусымды жеңіліссіз аяқтау мүмкіндігінен соңғы сәтте айырылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или