Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде төрешілеріміз қазылық етті

17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі қазақстандық төреші: Александр Алиев, Сергей Васютин қызмет атқарды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

22-27 қазан аралығында Уэльстің Ньюпорт қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші тобының матчтары өтті. Бұл топта алаң иелері Уэльстен бөлек, Албания, Нидерланд және Швейцария құрамалары ойнады.

Бұл турнирге Қазақстаннан екі төреші тағайындалды. Александр Алиев бас төреші қызметін атқарса, Сергей Васютинге бас төрешінің көмекшісі міндеті жүктелді.

Александр Алиев Нидерланд – Уэльс (1:2) және Албания – Нидерланд (0:5) матчтарына төрелік етіп, 7 сары қағаз көрсетті. Сергей Васютин аталған екі ойыннан бөлек, Уэльс – Албания матчында исландиялық рефери Тороддур Яльталинге көмектесті, деп хабарлайды ФФК.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или