Керек емес келімсектер

Футбол маусымының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Маусым басында Қазақстан біріншілігіне ауысқан легионерлердің көбісі жанкүйерлер мен бапкерлердің көңілінен шыққан жоқ. Дегенмен кейбіреулері командаларының көшбасшысына айналды. «PROСПОРТ» тілшісі әр командадан кетуі мүмкін «артық» ойыншылардың тізімін жасақтады.

Антонио Феррейра де Оливейра

Азаматтығы: Бразилия

Жасы: 31

Клубы: «Ертіс»

Алаңдағы орны: Артқы жартылай қорғаушы

Өткізген ойындар саны: 3

Керекулік «Ертістің» құрамында жеті легионер бар. Алайда команданы күшейтеді деген футболшылар өз деңгейін көрсете алмады. «Ертістен» кетуге алғашқы әрі басты үміткер - Антонио Феррейра де Оливейра. Ағымдағы жылдың 8-ші шілдесінде аргентиналық «Брангатинодан» керекулік ұжымға қосылған бразилиялық легионер тек 3 қана ойын өткізген. Латвия және Ресей біріншіліктерінде біраз доп тепкен Антонио біздің чемпионатқа үйренісе алмаған секілді. Бас бапкер Дмитиар Димитров бұл футболшыны алаңға шығарудың орнына, қосалқы құрамда отырғаны дұрыс деп санайтын секілді. Жаздан бері аса бір техникалық шеберлігін көрсете алған жоқ, ал легионер деген жергілікті ойыншыдан екі есе мықты ойнауға тиіс.

Кирилл Петров

Азаматтығы: Украина

Жасы: 25

Клубы: «Ордабасы»

Алаңдағы орны: Артқы жартылай қорғаушы

Өткізген ойындар саны: 27

Шымкенттік «Ордабасының» маусымаралық мерзімде алған ең осал ойыншысы дәл осы – Кирилл Петров. Украиналық футболшы чемпионат басталғалы жанкүйерлер мен бапкерлердің сынына ұшырады. Виктор Кумыков әр кездесуден соң бұл футболшының атын атамаса жүре алмайтындай болды. Қателік болса, сынның да болары сөзсіз. Артқы жартылайқорғаушы өз міндетін толыққанды орындай алмайды. Футболшылардың аздығынан жаттықтырушы оны сонда да алаңға шығаруға мәжбүр.

Денис Дедечко

Азаматтығы: Украина

Жасы: 28

Клубы: «Астана»

Алаңдағы орны: Артқы жартылай қорғаушы

Өткізген ойындар саны: 14

Елордалық команда Еурокубоктарда құрамын нығайту үшін украиналық легионерді қатарына қосқан. Алайда жартылай қорғаушы еурокбокта алаңға шықпақ түгілі, ел біріншілігінде де кездесулерге қатыспады. Станимир Стойлов бұл ойыншыға аса сенім арта қоймайды. Статистикаға көз жүгіртсек, украиналық футболшы Қазақстан Премьер-Лигасында 9, Қазақстан Кубогында 1 және Чемпиондар Лигасының іріктеу мен топтық кезеңінде 4 ойын өткізген. Бұл легионер деп шақыртылған ойыншы үшін нашар көрсеткіш. Позициясында Максимович пен Каньяс секілді мықты футболшылар ойнайтын Денис Дедечконың маусым аяқтала салысымен елордадан кететіні анық.

Руслан Фомин

Азаматтығы: Украина

Жасы: 29

Клубы: «Атырау»

Алаңдағы орны: Шабуылшы

Өткізген ойындар саны: 8

Биылғы маусымда Украинадан келген футболшылардың жолы бола қоймады. Тізімдегі үшінші украиналық ойыншының да жағдайы мәз емес. «Атырау» командасына жазғы үзілісте келіп қосылған Руслан Фомин бар жоғы 8 ойын өткізді жаңа командасы сапында. Шабуылшы үшін бұл өте нашар көрсеткіш. Сөзсіз, жыл соңында Владимир Никитенко украиналық футболшымен қоштасады. Мүмкін, Қазақстан біріншілігі Фомин үшін қиын болған шығар...

Чипириан Дяк

Азаматтығы: Румыния

Жасы: 29

Клубы: «Ақтөбе»

Алаңдағы орны: Жартылай қорғаушы

Өткізген ойындар саны: 16

Жанкүйерлер мен бапкердің көңілінен шықпаған ойыншылардың бірі – Чиприан Дяк. Румыниялық легионер ағымдағы маусымда бар жоғы 13 ойынға қатысқан. Бір мәрте Қазақстан Кубогында ойнаса, Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде эстониялық «Нымме Кальюға» қарсы қос кездесуде шыққан. Алайда Владимир Газаев кезінде негізгі құрамға іліне алмаған Дяк, жерлесі Йоан Андоне тұсында алаңға жиі шығып жүр. Дегенменде маусым аяқталысымен «Ақтөбе» бұл футболшымен қоштасуы әбден мүмкін.

Сержио Рикардо Сержиньо - дос Сантос Жуниор

Азаматтығы: Бразилия

Жасы: 24

Клубы: «Қайрат»

Алаңдағы орны: Жартылай қорғаушы

Өткізген ойындар саны: 20

Бұл бразилиялық футболшыны команданың алға сүйрейтін көшбасшы болады деген оймен алған болатын. Алайда 24 жастағы жартылайқорғаушы жанкүйерлердің де, Владимир Вайсстың да үмітін ақтамады. Қанша мүмкіндік берсе де словакиялық маман, Сержиньо бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Ел біріншілігінде 12 ойын өткізсе, Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде 5 матчқа және Қазақстан Кубогы 3 кездесуге қатысты. Бір мәрте пенальтиден көзге түссе, 2 рет нәтижелі пас берген. Дегенменде, бұған қарамастан маусым аяқталысымен клубтан кетуге бірден бір үміткер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или