Владимир Никитенко: «Біз «Астананың» деңгейінде емеспіз»

Владимир Никитенко: «Біз «Астананың» деңгейінде емеспіз»

Батысқазақстандық «Атырау» клубының бас бапкері Владимир Никитенко «Астанаға» (1:4) қарсы кездесу туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Бүгін төртінші орын үшін болған мүмкіндігімізден айырылдық. Команда соңына дейін ойнады. Өкінішімізге орай, бірінші таймда жоқ жерден екі рет стандарттық жағдайды қателік жібердік. 2:0 – қарсылас үшін жақсы есеп. Бірақ біз есімізді жиып, есепті қысқарта білдік. Алайда біздің қақпамызға пенальти белгіленнен кейін бәрі өзгерді. Трефолони білікті маман. Сол сәтті ереже бұзылды ма, әлде бұзылмады ма анықтайды деп ойлаймын.

- Сіздің командаңыздың ойыны түсініксіз болды. Кейбір сәтті ойында басымдық таныттыңыздар – допқа иелік етіп, қауіпті шабуылдар жасадыңыздар. Алайда кейін бәрі өзгерді.

- Ұмытпаңыздар, біздің бүгінгі қарсыласымыз  «Бенфика» және «Галатасараймен» тең дәрежеде өнер көрсетті. Біз «Астананың» деңгейінде емеспіз. Футболшылардың деңгейі жағынан да, қаржылық жағдайдан да, инфрақұрылымнан да. Сол себепті бүгінгі ойын үшін ойыншыларыма алғысымды білдіремін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или