Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты қай жерде өтетіні белгілі болды
2027 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Бразилияда өтеді. Бұл туралы жұма күні Бангкокте өтіп жатқан ФИФА конгрессте жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирді қабылдауға Бельгия, Нидерланд және Германиядан бірлескен өтінім түскен. Мексика мен Америка Құрама Штаттары сәуір айының соңында бірлесіп берген өтініштерін қайтарып алған еді.
2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Аустралия мен Жаңа Зеландияда өтіп, Испания құрамасы алтын медаль жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или