Қызылордада балалар футболын дамытуға бағытталған үш жақты Меморандум жасалды

Қызылордада балалар футболын дамытуға бағытталған үш жақты Меморандум жасалды

«Қайсар» футбол клубы, Қызылорда облыстық футбол федерациясы және «Сбербанк» компаниясы үш жақты Ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Меморандум аясында алғашқы турнир басталып та кетті. 2006 жылғы жеткіншектер арасындағы қалалық жарысқа Қызылорданың барлық орта мектептерінің 9 жастағы оқушылары қатысуда. Алдымен іріктеу кезеңі өтіп, аймақтық жарыстардың үздіктері анықталмақ. Одан кейін қазанның 31-і мен қарашаның 1-і күндері финалдық кезең өтіп, жеңімпаз команда анықталмақ. Сондай-ақ, турнир қорытындысы бойынша, футболға қабілеті бар, дарынды балалар «Қайсар» футбол орталығына қабылданатын болады.

Сонымен, Меморандумға қол қою рәсіміне «Қайсар» тарапынан клуб директоры Нұржан Жалғасбаев қатысса, Облыстық футбол федерациясының атынан вице-президент Серік Жаппасбаев келді, ал «Сбербанк» жақтан салтанатты шараға Қызылорда филиалының директоры Ербекұлан Абуов қатысты. Қол қою рәсімінен кейін «Қайсар» ФК директоры «Сбербанк» Қызылорда облыстық филиалының басшысына клубтық жейдені естелікке табыстады.

- Біздің қазіргі алға қойып отырған басты мақсаттарымыздың бірі – облысымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлесімізді қосу. Әлбетте, спорттың түрлері көп, басқа да ойындарды таңдауға болар еді. Бірақ футбол - №1 спорт түрі, ал «Қайсар» — Қызылордадағы ең танымал, ең жанкүйері көп команда. Сондықтан, көңіліміз футболға ауды. Жалпы, «Қайсар» футбол клубымен маусым басынан бері серіктестік жүргізіп келеміз. Дегенмен, осы жолы байланысымызды Меморандум арқылы одан әрі күшейтуді көздеп отырмыз, - деді салтанатты рәсімнен кейін журналистерге өз ойын білдірген «Сбербанк» Қызылорда облыстық филиалының директоры Еркебұлан Сайранұлы.

Өз кезегінде «Қайсар» футбол клубының директоры Нұржан Жалғасбаев та Меморандум жайлы өз ойын білдіріп, үш жақты қарым-қатынастың баянды болатынына сенім білдірді.

- Аталмыш Меморандумның аясында Қызылорда қаласында «Сбербанк» кубогына арналған футбол турнирі ұйымдастырып отырмыз. Жеңімпаз команда 1 қараша күні анықталады. Өздерін жақсы қырынан көрсеткен балалар «Қайсар» футбол орталығына қабылданатын болады. Жалпы, «Қайсар» футбол клубының мақсаты кәсіпқой футболды ғана емес, облыста балалар футболын да дамыту. Балалар футболы арқылы біз болашақта кәсіпқой футболды жаңа деңгейге шығарамыз. Осы орайда «Сбербанк» және Қызылорда облыстық футбол федерациясымен орнатқан үшжақты Меморандум облысымызда балалар футболын дамытуға үлкен септігін тигізеді деп сенемін, - деді ағынан жарылған Нұржан Жармедетұлы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или