Қазақстандық бапкер шетелде үздік деп танылды

Қазақстандық бапкер шетелде үздік деп танылды

«Жальгирис» командасының қазақстандық жаттықтырушысы Владимир Чебурин сәуір айында футболдан Литва чемпионатының үздік бапкері болып танылды, деп хабарлайды Prosports.kz 15mi.lt сайтына сілтеме жасап.

Бұл Литва чемпионатының комментаторлары мен подкаст жүргізушілерінің дауыстарын санағаннан кейін белгілі болды.

Сәуірде «Жальгирис» ойыншылары алты матчта бес рет жеңіске жетті: Чебурин командасы «Шауляйды» (3:0), «Трансинвестті» (2:0), Паневежісті (2:1), Дзиугасты (3:1) және Дайнаваны (4:0) жеңді. Судувамен (1:1) тең түсті.

Айта кетейік, 13 ойыннан кейін «Жальгирис» ел біріншілігінің турнирлік кестесін бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или