Кевин Де Брюйне АПЛ-да ерекше жетістікке қол жеткізді
«Манчестер Сити» мен Бельгия құрамасының 32 жастағы жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне ағылшын премьер-лигасының тарихындағы пас беру бойынша екінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы Премьер-Лиганың 37-туры аясындағы «Тоттенхэмге» қарсы ойында (0:1) нәтижелі пас берді. Эрлинг Холанд Де Брюйненің пасынан соң есеп ашты.
Бұл бельгиялық үшін чемпионаттағы 112-ассист болды.
Тізім келесідей:
1. Райан Гиггз («Манчестер Юнайтед») – 162 нәтижелі пас
2. Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити») – 112 нәтижелі пас
3. Сеск Фабрегас («Арсенал») – 111 пас
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или