Мбаппе «Реал» сапында қандай нөмірмен өнер көрсетеді
Шабуылшы Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» сапында қандай нөмірмен өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мбаппе бұған дейін ПСЖ сапынан кететінін айтқан. Оның париждік клубпен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Ол мансабын қайда жалғастыратынын жариялаған жоқ. Форвард жазда «Реалға» ауысуы мүмкін.
CentreMadrid хабарлағандай, француз «Реал» сапында тоғызыншы нөмірмен өнер көрсетеді.
Бұған дейін бұл нөмірмен Карим Бензема (2010/11—2022/23) және Криштиану Роналду (2009/10) ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или