«Реалдың» Мбаппені қашан таныстыратыны белгілі болды
Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының финалынан кейін француз 25 жастағы шабуылшы Килиан Мбаппенің ауысқаны туралы мәлімдейді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы италиялық журналист Джанлука Ди Марцио X әлеуметтік желісінде хабарлады.
«Мбаппенің «Реалға» ауысуына кері санақ: хабарландыру маусымның соңында, яғни Чемпиондар лигасының финалынан кейін жарияланады», - деп жазды журналист.
10 мамырда Мбаппе осы маусымнан кейін ПСЖ-дан кететінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Мбаппенің "Реалмен" 2029 жылға дейін жарамды келісім-шартқа келіскені туралы ақпарат шыққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или