Моуриньоның тағдырын «Челси» - «Ливерпуль» матчы шешеді

Моуриньоның тағдырын «Челси» - «Ливерпуль» матчы шешеді

Лондондық «Челсидің» бас бапкері Жозе Моуриньо жақын арада өз орнын босатуы мүмкін. «Ливерпульге» қарсы ойын португал маманы үшін соңғы мүмкіндік болмақ.

«Ақсүйектер» Англия премьер-лигасының 11-турында «Ливерпульмен» күш сынасады. Егер Моуриньо шәкірттері қарсыластарына есе жіберіп жатса, бас бапкерсіз қалуы мүмкін. Ал Англияның кей басылымдары жаттықтырушыны ертең қызметтен босатылады деп жазуда.

Жозе Моуриньо қызметінен кететін болса, оның орнына италиялық Карло Анчелотти, нидерландылық Гус Хиддинк және «Бавария» жаттықтырушысы Хосеп Гвардиоланың бірі келеді деп болжануда.

Айта кетейік, «Челси» Англия премьер-лигасының 10-турынан кейін 11 ұпаймен 15-ші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или