Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» финалға жолдама алды
Испанияның «Реалы» УЕФА Чемпиондар лигасының 1/2 финалының қарымта кездесуінде өз алаңында немістің «Бавариясын» ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар арасындағы алғашқы ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
Қарымта ойында Альфонсо Дэвистің 68-минутта соққан соққысының арқасында мюнхендіктер есеп ашты. Дегенмен, матч аяғында мадридтіктер екі голмен жауап берді – шабуылшы Хоселу дубль жасады (88-ші және 91-ші минуттар).
Нәтижесінде, 2:1 – Карло Анчелотти командасының камбэкті жеңісі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или