Игорь Захаряк: «Қаржы қиындығына қарамастан футболшыларымның жандарын сала ойнағандарына ризамын»

«Қайсар» - «Шахтер» кездесуінен кейін журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізген қарағандылық команданың бас бапкері Игорь Захаряк ойын туралы өз ойын білдірді.

- Ойын жақсы аяқталды. «Қайсар» қаншалықты қарқынды болғанымен қорғаушыларымыз төтеп бере алды. Соған қуаныштымын. Жеңіске жеттік. Жігіттерге ризамын.

- Осы ойынның алдында «Шахтердің» негізгі құрамы қаржы қиындығына байланысты «Қайсарға» қарсы шықпайды» деген ақпарат тарады. Қарағандыда қаржы мәселесі қаншалықты күрделі болып тұр?

- Өте күрделі. Қаржы мәселесі біз үшін ауыр тақырып. Басқа ешнәрсе айта алмаймын. Соған қарамастан футболшыларымның профессионалдылық танытып, алаңда жанын сала ойнағандары үшін алғыс айтамын.

- «Қайсар» сапында қай футболшы ұнады?

- Осы ойында ғана емес, бұрынғы кездесулерде де маған Жасұлан Молдақараев қатты ұнады. Оны бұрыннан бақылап жүрмін, жақсы шабуылшы. Жалпы, «Қайсарда» әлсіз ойыншы жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или