Ел классикосы. Чемпиондық тартыс кейінге шегерілді

Қазақстан Премьер-Лигасының 30-шы туры аясында Оңтүстік астанамызда жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» командалары «чемпиондықтың» тағдырын шешу үшін күш сынасты.

Алматының Орталық стадионы көптен бері көрермендерге бұлай толмаған еді. Астаналар дербиіне жиналған жанкүйерлер қызық ойынды күткені анық.

Алғашқы жиырма минуттықта Заурбек Плиевтің жіберген өрескел қателігіненен пайдаланған Максимович қақпа маңына асыра пас тастады, ыңғайлы тұста тұрған Кетевоама допты жақын бұрышқа баспен бағыттады. Алайда «Қайрат» қақпашысы Плотников шеберлігін көрсете білді. Бірінші таймның аяқталар тұсында елордалықтар қауіпті шабуыл ұйымдастыра алды. Жолшиев оң қапталда Бакаевтан сытылып өтіп Кетевоамаға пас берді, ал Фокси болса бос қақпаға допты дәлдей алмады. 45-ші минутта елордалықтар стандартты жағдай сәтті пайдаланды. Доп асырылғаннан кейін қақпа маңындағы қарбаласта Таңат Нөсербаев «Қайраттың» қақпасынан саңылау тапты. Есеп – 1:0 қонақтардың пайдасына.

Екінші таймды қонақтар қарқынды бастады. Жолшиевтің соққысынан кейін Плотников қателесуге аздап қалды, дегенменде қолға нықтап ұстады. «Қайрат» ойыншылары қарымта шабуыл ұйымдастырды. Айып алаңына еніп барып жасаған Риераның соққысы маңдайшадан әлдеқайда биік кетті. Алаң иелері біртендеп допқа иелігін арттыра бастады. Бұрыштама добынан кейін Қуантаев қақпаға жойқын соққы жасап еді, сәтсіз... 62-ші минутта Риеараның пасынан Исламхан қақпашымен жеке шыққан еді, алайда тепкен добы қақпадан биік кетті. 10 минут өтісімен Бауыржанның гол соғатын тағы бір мүмкіндігі болды. Айып алаңына еніп, соққы жасағанмен қиыс кетті.

«Қайрат» - «Астана» 0:1 (0:1)

Гол: Нөсербаев 45

«Қайрат»: Плотников, Плиев, Соарес, Гурман, Бакаев, Исаэл (Исламхан 19), Гоу, Қуантаев (Маркович 84), Риера, Ли, Тимощук

«Астана»: Эрич, Илич, Аничич (Кабананга 83), Постников, Шомко, Жуков, Максимович, Каньяс, Джолчиев (Бейсебеков 76), Кетевоама (Твумаси 67), Нөсербаев

Ескертулер: Жолшиев 56, Нөсербаев 90

Төрешілер: Игорь Алешин, Анатолий Ходин, Дмитрий Филоненко

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или