«Ордабасы» «Ертістен» жеңісті жұлып алды

Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан чемпионатының 30-турында қонақта павлодарлық «Ертісті» ұтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матч алаң иелері үшін сәтті басталған. Алғашқы таймда Эвандро Ронкатто пенальтиден көзге түсіп, «Ертіс» алға шыққан болатын. Алайда екінші таймда шымкенттіктер бұған екі голмен жауап қатты. 57-минутта Александр Симчевич таразы басын теңестірсе, екі минуттан соң Еркебұлан Тұңғышбаев қонақтарды алға шығарды. Қорытынды есеп – «Ордабасының» пайдасына 2:1.

«Ертіс» - «Ордабасы» 1:2 (1:0)

Голдар: 1:0 – Ронкатто пенальтиден 34, 1:1 – Симчевич 57, 1:2 – Тұңғышбаев 59

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или