Айбол Әбікен «Ордабасы» ойыншысы атанды
Жартылай қорғаушы Айбол Әбікен «Ордабасы» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ресми: Айбол Әбікен «Ордабасы» ойыншысы.
Отбасымызға қош келдіңіз, Айбол», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, футболшы 2022 жылы допинг қолданғаны үшін төрт жылдық дисквалификация алған. Кейін оның жазасы екі жылға дейін қысқарды.
Айбол Әбікен – «Қайраттың» түлегі. Сондай-ақ ол «Ақсу» сапында өнер көрсеткен. Қазақстан жастар құрамасы мен негізгі командада ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или