Йоан Андоне: «Мұндай жағдайда ойнау мүмкін емес»

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Йоан Андоне 30-ші тур аясында «Атырауға» қарсы өткен матч (1:1) туралы пікрімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Заңды нәтиже. Ойын қызығарлықтай бола қойған жоқ. Өкінішке қарай, мұндай ауа-райы мен жағдайда әдемі футбол ойнау мүмкін емес. Алаң нашар күйде болды, онымен қоса қатты жел тұрып, ойынға әсер етті. Желмен бағыттас ойнаған ұжымның ойыны жүрді. Алғашқы таймда біз басым болдық: допқа иелік етіп, қарсыласымызға қарағанда жақсы ойнап, гол соға білдік. Ал екінші таймда бәрі өзгерді. Жарты сағатқа жуық «Атырау» алаңның барлық жағында басым түсті. Соңғы 15 минутта қос команда ашық футбол көрсетті, сол себепті біз гол жіберіп алдық.,

- «Ертіске» қарсы ойынға қарағанда құрамда өзгерістер орын алды.

- Иә, біраз өзгерістер болды. Маусым бойы көп ойын өткізіп, шаршаған футболшылар болды. Әсіресе, Ұлттық құрамаға шақыртылғандар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или