Тұрсынбай Құлахмет мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді

Тұрсынбай Құлахмет мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Хьютон қаласында (Англия) өткен кәсіпқой бокс кешінде мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық 40 жастағы поляк Роберт Таларекпен (28-24-3, 19 КО) жұдырықтасты. Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын, бірақ төртінші раундта Құлахмет жеңіске жетті.

Осылайша, Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді, Роберт Таларек мансабындағы 25-жеңілісіне ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или