Лига кубогының жеребесі тартылды
Бүгін Қазақстандағы алғашқы Лига кубогы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар трофейге ғана емес, қазақстандық футбол тарихындағы ең үлкен жүлдеқорына - 1 миллион долларға таласады.
Лига кубогының жеребесі:
А тобы: «Қайрат», «Қызылжар», «Ақжайық», «Тараз»
B тобы: «Тобыл», «Ақтөбе», «Қайсар», «Жеңіс»
С тобы: «Ордабасы», «Атырау», «Тұран», «Елімай»
D тобы: «Астана», «Шахтер», «Жетісу», «Каспий».
Бірінші тур
25-26 мамыр
«Қайрат» – «Ақжайық»
«Тараз» – «Қызылжар»
«Елімай» – «Тұран»
«Атырау» – «Ордабасы»
«Ақтөбе» – «Қайсар»
«Жеңіс» – «Тобыл»
«Каспий» – «Шахтер»
«Жетісу» – «Астана»
Топтық кезеңге әр команда қарсыластарымен бір матчтан өткізіп шығады, бірінші орын алған 4 команда жартылай финалға жолдама алады. Жартылай финал екі матчтан тұрады.
Екінші және үшінші тур ойындары 6-7 шілде мен 20-21 шілде арасында өтеді. Жартылай финал матчтары 10-11 тамыз бен 30 қазанға жоспарланған, ал финал 24 қарашада өтеді.