Айсұлтан Назарбаев: «Астана» ФК – ұлтымыздың масқарасы!»

Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткер Айсұлтан Назарбаев елордалық «Астананың» Чемпиондар лигасында «Атлетикоға» қарсы ойынға екінші құраммен шыққанын сынға алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Астана» ФК – ұлтымыздың масқарасы! Президенттік клуб! Не істеп жүр? Нөмірі бірінші спортта чемпиондар арасындағы ең беделді турнирдің ойынына екінші құраммен шықты. Патриоттық қайда? Егер чемпион болсаңыздар, бәрімен де чемпионша күресулеріңіз керек. Халықаралық аренаға барша қазақстандықтардың атынан шығып тұрсыздар! Ешкімнің алдында да иілмеуіміз керек.

Ал, «Қайрат» ФК, осындай тегін пиар үшін алғыс айтуларыңыз қажет. Енді бүкіл Еуропа «Қайрат» деген команданың бар екенін біледі. Бүкіл Еуропа күліп жатыр! Масқара!», - деп жазды Назарбаев «Фейсбук» әлеуметтік желісінде.

Естеріңізге сала кетсек, ел чемпионы «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов Чемпиондар лигасындағы мадридтік «Атлетикоға» қарсы ойынға екінші құраммен барып, 0:4 есебімен тас-талқан болып ұтылды. Елордалықтардың жетекші ойыншылары ел чемпионатындағы «Қайратқа» қарсы кездесуге дайындалу үшін Астанада қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или