«Кеншілер» қонақта «Қайсарды» жеңді

Қызылордалық «Қайсар» Қазақстан чемпионатының 30-турында өз алаңында турнир кестесіндегі көршісі «Шахтерден» ұтылып қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алаң иелері бұл кездесуде жеңіске жетсе, қауіпті аймақтан шығатын еді. Алайда қызылордалықтар жанкүйерлерінің алдында негізгі қарсыласы «кеншілерге» жол берді.

Матч 1:0 есебімен «Шахтердің» пайдасына шешілді. Ойындағы жалғыз голды 68 минутта Димов соқты.

Осы ойыннан кейін «Қайсар» 15 ұпаймен турнир кестесінің соңғы орнында қалды, ал «Шахтер» 20 ұпай еншілеп, 10-шы сатыдағы орнын нығайтын алды.

«Қайсар» - «Шахтер» 0:1

Гол: 0:1 – Димов 68

«Қайсар»: Прядкин, Ирисметов, Кляйн, Балтаев, Кейлер, Матвеенко, Митошевич, Алтаев, Вороговский, Калинин, Молдақараев.

«Шахтер»: Мокин, Джидич, Димов, Мулдаров, Габышев, Тарасов, Васильев, Коструб, Димов, Муртазаев, Уббинк.

Төрешілер: Виктор Антонов (Павлодар), Самат Тергеусізов, Серік Қошқаров (екеуі де — Алматы).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или